Қаңтар оқиғасы: Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты

2022 жылғы қаңтар айының 5-нен 6-на қараған түні Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының алдында жаппай тәртіпсіздік орын алған. Назарбаев даңғылының бойында «Рупор» дыбыс үлкейткіш құралын пайдалану арқылы ұйымдастырушылар адамдарды шақырып, саяси дүрбелең туғызды.  Қаламызда бүлікшілердің іс-әрекетінен орын алған қаңтар дүрбелеңінде Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері қауіп-қатермен бетпе-бет келіп, тәулік бойы халыққа қызмет етті.

Аталмыш тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларға Шымкент қаласы Полиция департаментінің тәртіп сақшыларымен жедел іздестіру  іс-шаралары ұйымдастырылды.  Қаладағы  көшелер мен ғимараттардағы  барлық бейнекамералар қаралып, полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуінің, тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізуінің нәтижесінде күдіктілер қолға түсті. Оларға қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Тексеру барысында олардың  бір-бірімен Полиция  басқармаларының ғимараттарын өртеу, басып алу, жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды шабыттандыру, адамдарды қаруландыру, қаржыландыру, арнайы техникалардың жүруіне кедергі жасау үшін жүк көліктерімен ірі және майда тастарды төгу туралы ұялы байланыс арқылы сөйлескендіктері анықталды.

Сондай-ақ  олардың   2021 жылы ҚР ҚК-нің 405-бабында (экстремистік қылмыстарды) қарастырылған қылмыстарды жасағаны, пробациялық бақылаудың есебінде тұрғаны, алдын жасаған қылмыстарынан нәтиже шығармағандары белгілі болды.

Күдіктілерге қатысты Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты 15.07.2022 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 272-бабының 2,3-бөліктерімен кінәлі деп танып, 3 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

 

Шымкент  қаласы  Полиция департаментінің  Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.