СЫРТҚЫ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР

 

Адамзат XX ғасырда «Суық Соғыс» кезеңін басынан кешіріп, жаңа ғасырда жаңа жалпыәлемдік мәселе – халықаралық экстремизм мен терроризмнің агрессиялы көріністерімен соқтығысты.

Қазақстан үшін бұл мәселе өзекті болып, ең алдымен, оның геосаяси орналасу географиясы есебінен болады. Мемлекет Шығыс және Батыс атты екі әлемнің қиылысқан жерінде көпір рөлін атқарып, екі «оттың» арасында орналасқан. Жан жақтан республика аумағына кез-келген уақытта өтіп кете алатын ыстық ошақтар орналасқан. Сондықтан халықаралық экстремизм және терроризмді Қазақстанның ұлттық нанымдарына ауқымды қауіп ретінде қарастырды.

Әлемдік жаһандану жағдайында табиғи түрде жаңа қанаттық бағыты болып, яғни оның логикалық шарықтау шегі болып халықаралық терроризмді айтуға болады.

«Халықаралық» түсінігі, біріншіден, жергілікті түрлі лаңкестік топтардың өзара әрекеттесуінде айқындалады. Белгілі бір өмір сүру деңгейінен өткен соң бұл ұйымдар ынтымақтастыққа көшеді. Мысалы, Палестина лагерінде Еуропалық неоұлттық ұйымдардың, Жапонияның «Қызыл әскері», ИРА боевиктері әскери дайындықтарын өтеді. Ал ИРА болса, Еуропада ғана емес, сонымен қатар Азия, Америка Африка материктерінде өз лагерлерін орнатты. Ауғанстанда бүкіл әлемдегі әскери қақтығыстарға қатысатын боевиктерді дайындауға арналған лагерлер саны артты.

Терроризм мен экстремизмнің бар болуы және жандануының себептері әртүрлі болуы мүмкін. Біріншіден, біздің планетамыздағы халықтың басым бөлігінің кедейлігі мен пана таба алмауы. Екіншіден, терроризм және экстремизм құбылыс ретінде жандануы мен көрініс табуы мемлекеттің саяси жүйесінде орын алып отырған қарама-қайшылықтарды басқа тәсілдермен шешуге жол берілмегенде пайда болады. Ал террордың нысаны мен әдісі ­бұл жағдайда қамтылған билік саясатына қарсы әрекет ету құралы ретінде шығады. Одан басқа терроризм және экстремизм жандану себептерінің  бірі, адамдардың әлеуметтік психологиясының қиындықтарында жасырынып отыр. Олардың көргенсіз санасында көп ғасыр бойы түрлі тарихи факторлармен түсіндірілетін, мысалы, ұлттық-этникалық немесе діни қудалау салдарынан әлемде теңдікті және әділеттілікті орнату мақсатында өзінің мықты қарсыласын қандай да бір дипломатиялық тұрғыда жеңе алмайтынын біліп, терроризмді бұл мақсатқа жету жолында күресу құралы ретінде таңдайды.

Терроризмнің экономикалық тамырлары оның нарықтық экономика табиғатында жатыр. Яғни осындай қорытындыға адамдардың кедейленіп кетуі әкеліп соқтырады. Бәрімізге мәлім болғандай, әлеуметтік патологиялар (жезөкшелік, есірткі бизнесі, порнография, құмар ойындары және т.б.) аясындағы кәсіпкерлік қызмет өте пайдалы, тиімді. Сондықтан қоғамдық жүйеде пайда табу және асыра пайда табу экономиканың мәні болып тұрғандығы көп байқалатыны таң қаларлық жағдай емес. Бұл жағдайда терроризм басқа әлеуметтік патологияларға қарағанда анағұрлым өзекті болып табылады. «Терроризм бұл — бизнес» сөз тіркесі  өзіне өзі жауап беріп тұрғандай.

 

 Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.