Карантин режимін елемеген тойханалар анықталды
14 ақпан күні сағат 18-30 уақытта Шымкент қаласы Елшібек Батыр көшесі 66 үйде орналасқан «Бензин» ресто-барына мониторинг жүргізу барысында карантиндік талаптарды сақтамай 50-адамға арналған «Қыз Ұзату» өткізіп жатқаны, сонымен қатар рестобар қызметкері бір реттік бетпердені мүлдем тақпағаны анықталды.
Ресто-бар әкімшілігінен түсініктеме алынды.
Тәртіп сақшылары карантин талаптарының бұзылуын кез-келген жайты әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын ескертеді.