ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ ЕМДЕРІ

* Тұмаудан құтылғаныңызбен, кеудеңізде сырыл қалып, қатты мазалап жүрсе, жұмсақ матаны сұйық майға барынша қанықтырып батырып алып, кеудеге қою керек. Киіміңіз былғанбас үшін сыртынан целлофанмен орауыңызға болады. Бұл емшараны ұйықтар алдында жасаңыз.

* Жүрегіңіз қатты соғып немесе ауа жетпей қиналсаңыз, мына емді қолданып көріңіз. Ақжелкеннің бір бұтағы мен 4-5 бөлік сарымсақты еттартқыштан өткізіп, 100 г сарымай қосып, 5 минут баяу отта ұстау қажет. Сосын қара нанға жағып, таңертеңгі және кешкі тамақтан 15 минут бұрын жеген дұрыс.

* Жүрегі ауыратындар күнделікті 200 г қуырылған немесе бұқтырылған балық, 500 г алма, аптасына екі рет суға пісірілген ет және 2 күн суға пісірілген картоп жеп отырса, жақсы көмектеседі. Сонымен қатар, таңертең 1 сағат, кешкісін 1 сағат таза ауада жаяу серуендеу керек.

* Күтпеген жерден жүрегіңіз шаншып ауырса, кішкентай ғана сарымсақтың бір бөлігін шайнамай жұтып жіберіңіз. Ал жүрегіңіз жұмыс уақытында, көлік ішінде, далада ауыра қалса, қорықпай, отырған орныңызда бас бармақтан бастап барлық саусақтарыңыздың басын қатты уқалап шығыңыз. Содан кейін қолыңыздың саусақтарын басбармақтарынан басқасын жұмып, басбармақты ауырғанша 20-30 рет тістеңіз. Сол уақытта жүректегі ауру кетеді. Дәл осы әдісті бірнеше рет қайталаңыз.

* Күнделікті таңертең 1 қасық бал ішіп жүріңіз. Бұл қандағы басты микроэле­менттердің, дәрумендердің тиімділігін, ағзадағы зат алмасуды жақсартады.

* Аяқ ісісе, шаршаса, үккіштен өткізілген 1 ас қасық ақжелкектің тамырын 2 стақан қайнаған ыстық суға бір сағат тұндырып, содан соң тұнбаны аяғыңызға жағыңыз.

* Өттегі тасты түсіру үшін 1 ас қасық жалбыз жапырағы мен 1 ас қасық сүйелшөпті 1 стақан қайнаған ыстық суға салып, 1 сағат тұндырады. Тұнбаны таңертең және кешке бір ас қасықтан тамақ алдында ішу керек.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.