Кәрібай Мұсырман, Мәжіліс депутаты: Әзірге бұл талапты орындауда көзбояушылық басым
Қоғамда қазақ тілін немесе орыс тілін білмеуге байланысты анда-санда аяқ астынан шу шығып қалатыны жасырын емес. Бұл – өз елінің заңын сыйлайтын өрелі азаматтарға тән емес қылық. Өкінішке қарай, сол азаматтық парызын түсінбеген адамдар аз емес.
Ең алдымен, жоғарыда айтқанымдай, мемлекеттiк тiлдi міндетті түрде бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесiн жасайтын кез жетті. Бұған қоса, мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде мемлекеттік тілді білу талабын күшейту керек. Әзірге бұл талапты орындауда көзбояушылық басым. Кейбір вице-министрлердің Парламенттегі жиындарда қазақша сөйлей алмай, қиналып, депутаттардың сынына ұшырап, ұятқа қалып жүргендігінің бір себебі сонда. Түйіндей айтсам, тіл мен терминге тың бетбұрыс қажет.
jasqazaq.kz