ҚАРИЯ ӨЗ НЕМЕРЕСІН ЗОРЛАҒАН
QAZYGURT.KZ Астанада 60-ты алқымдаған қария 8 жастағы немересін зорлағаны үшін сотталды. Ол бас қалаға Қызылордадан жұмыс істеуге келген ұл-келінімен бірге тұрған. Алайда, немересін бағып-қағудың орнына біршама уақыт бойы ойына келгенін істепті.
Пайғамбар жасынан асып, немересін қорлаған азғын заң алдында жазасын алды.
“Енді қазақпыз ғой, өткенде мен ештеңе айта алмадым. Ұмытып қалдым айтатын сөзімді. Біз қазақ емеспіз бе? Қазақшылыққа салынып, қазақшылық қой. Бір рет кешіруге болмай ма? Болады ғой. Қазақпыз ғой”. “Қазақ десең өзіңе тиеді”.
Айыбын жоққа шығармаған қарт соңғы сотта айылын жимады. Тіпті, “қазақпыз ғой” деп өзін кешіруін сұрап ақталды. Алайда, ол өз немересіне бір емес, бірнеше рет тиіскені белгілі болды. Атасының әрекетін түсінбеген кішкентай қыз әке-шешесіне бар шындықты жайып салыпты. Содан бері бұл іс бір ай бойы сотта қаралған.
“ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 158 бабына 4-бөлігіне жаза ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза ретінде кәмелетке толмаған жұмыс істеуге байланысты педагогикалық және олармен жұмыс істеуге байланысты басқа да лауазымдар атқару құқығына өмір бойы айыра отырып 17 жыл мерзімді бас бостандығынан айыру тағайындалсын” – дейді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекентас.
Қарияның бұндай бассыз әрекетке баруының себебі белгісіз. Кешірім сұрап әлек болғанмен, әрекетін түсіндіре алмады. Бірақ, бұрын-соңды сотталмапты. Ал, заңгерлер соңғы уақытта педофильдік әрекет пен балаларды зорлайтындарға қаншалықты қатал жаза қолданылса да олардың әрекеті өршіп бара жатқанын айтады.
“Сот бұндай жағдайларда барынша әділ шешімдер шығарады” -дейді.
“Сот үкімін шығаратын сот, иә сот ол мемлекеттің атынан шығарады ол үкімді. Жаңағы жалпы үкімді шығарған кезде қалай болған барлық жағдайды талқылап, жаңағы тұлғаның жағдайын қарап, жалпы қандай жағдайларда жасалған, қанша рет сотталған, рецедив бар ма сондай жағдайларға байланысты соның бәрін қарап сот өзінің үкімін шығарады” – дейді заңгер Айсана Сман.
2017 жылдың алғашқы жартысында кәмелетке толмаған балаларды зорлау фактісі ретінде 326 құқықбұзушылық оқиға тіркелген. Ал, өткен жылдың соңғы айларында бұл көрсеткіш 33 пайызға күрт өсіпті. Ал биыл жыл басталмай жатып келеңсіз оқиғалар белең алуда. Бүлдіршіндерді зорлау бойынша алдыңғы қатарда Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Алматы облысы көш бастап тұр.
АҚПАРАТ көзі: JASQAZAQ.KZ