«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Шымкент қаласы Полиция департамент бастығының бұйрығына сәйкес, қала аумағында жедел жағдайды сауықтыру, отты атыс қарумен жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында 17-мамырдан бастап «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
“ҚАРУ” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қазірдің өзінде Шымкент қаласы аумағында тіркелген 6281 қару иесінің (8071 қару) 5211-і тексеріліп, тексеру нәтижесі 82,9%-ды құрады.
Тексеру барысында 146 әкімшілік құқық бұзушылық жайыттары анықталып, оның 40-ы — сақтау ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабымен), 106 тіркеу ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 486 бабымен) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған сәйкес 66 бірлік тіркелген қару тәркіленіп, уақытша сақтауға жолданды.
Заңсыз айналымнан 16 бірлік қару және 46 дана оқ-дәрі тәркіленіп алынды. Олар: 2 дана тегіс ұңғылы қару, 8 дана травматикалық тапанша, 6 дана газды тапанша.
Айта кетейік, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 17-маусымына дейін жалғасады.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.