КӘСІПКЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының белсенді тобы «Север» сауда орталығының қызметкелеріне референдум жайлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Фахриддин Қаратаев, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрлан Қабыштаев келді.

Мақсат еткен саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалардың сапалы орындалуы үшін Конституцияға өзгеріс енгізу, толықтыру уақыт талабы. Референдум халықтың ұсынысы, пікірлерімен санаса отырып жасалатыны туралы кездесуде айтылды.

— «Қаңтар оқиғасы еліміз үшін татулық пен бейбітшіліктің маңыздылығын, халықтың ішкі бірлігі мығым болуы керектігін көрсетті. Заңды түземей, қоғамды түзей алмаймыз. Сондықтан, Жаңа Қазақстанды жаңғыртуда референдумның орны ерек. Алдағы шешуші күнге барлығымыз ат салысайық. Бұл қарапайым халықтың пікірін сұрайтын өзгеріс»,-деді Нұрлан Қабыштаев.

Референдумның өткізілуі, заңдағы өзгерістер жайлы толығырақ сұрастырған орталық қызметкерлері жиын соңында алдағы күннен нақты өзгерістер мен жаңашылдық күтетінін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.