Қатты шаршап жүрсеңiз…

  1. Күнде ұйқтауға жатарда 1 қасық бал қосылған жылы су ішіп алыңыз.
  2. Әр үш сағат сайын 50 г-нан табиғи жүзім шырынын ішіп тұрыңыз.
  3. 2-3 кесек тұздалған майшабақ жеп алыңыз.
  4. Асқа шикі көкөністерді, сарысу, жұмыртқаның ағы, жаңғақтарды, бұршақ, жасымық, балықты көбірек пайдаланыңыз.
  5. Аяғыңызды ыстық суға 10 минуттай салып отырыңыз не булаңыз.
  6. Күн сайын анар шырынын ішіп тұрыңыз.
  7. Күнде кешкісін былай істеңіз: екі шылапшынды қатар қойып, біріне ыстық су (45-50 градус), екіншісіне салқын су құйыңыз да, аяқтарыңызды екеуіне кезек-кезек салыңыз. Бұл қан айналымын жақсартады.
  8. Күн сайын ірімшік, мейіз бен грек жаңғағын жеп тұрыңыз. Осы үшеуін араластырып, қаймақ қосып жеуге де болады.
  9. Денеңіз әлсіреп тұрғандай сезінсеңіз, дала жоңышқасынан дайындалған тұнбаны ішіңіз. Ол үшін 2 шай қасық кептірілген жоңышқаны 400 г қайнаған суға демдеп, 30 минут тұндырыңыз. Сосын сүзіп алып, 2 ас қасықтан күніне 3 реттен ішіңіз.
  10. Жұмыстан жүйкеңіз жұқарып жүрсе, түймешетен, қырмызыгүл мен киікотынан дайындалған тыныштандырғыш шай жақсы көмектеседі. Осы шөптерді бірдей мөлшерде алып араластырыңыз да, қоспаның бір ас қасығын бір стақан қайнаған суға салып демдеңіз. Кейін сүзіп, жарты стақаннан күніне 2-3 рет ішу керек. Егер жүйкеңіз қатты сыр берсе, бұл емшараны 2-3 айға дейін жалғастырған дұрыс.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.