Қатын қайда барасың…?

Біздің «қатын» сөзін қолдануымыз кейбір оқырманымызға түрпідей тисе, ғапу өтінеміз. Қатын сөзінің түп төркінін  білдіретін этимологиясына жүгінсек, ханым деген мағынаны, яғни нұр шашушы ханшайым дегенді білдіреді. Ал «Әйел»-сөзінің этимологиясына үңілсек, сатып алынған күң, немесе көңілдес, ойнас дегенді аңғартады. Аяулы жарды ойнас деп айтуға тіл бармайтын болған соң, ежелгі қатын сөзін қолдану жөн шығар, әсте.
Негізгі айтпағымыз, бір сөздің төркінін қуу емес, бүгінгі асыл жар – ханым –қатындардың бет бейнесі, болмысына қатысты болып тұр.
Рухани жаңғыруда көреген саясаткер «Елбасымыз дер кезінде көтергенімен, оны нақты өмір көрінісіне айналдырудың орнына, жарапзамшы «Попугай» саясаткер-сымақтардың ығымен бос сөзді науқаншылдықтан шыға айлмайтын сияқтымыз. Жастар еувропаға еліктеп, рухани азғындауға кетті деп қарғадай шулаймыз. Алдымен осы рухани жаңғыру мен тазалануды үлкедердің өзінен іздеп көрейікші. Отбасының тірегі де, өнегесі де-ана. Бүгінгі ана-қатындардың біле тұрып, жасап жүрген өрескел тірліктеріне «Әй, дейтін әже, қой, дейтін қожа жоқ? Өрескелдікті біле тұрып, «Бұл анамызға құрмет қой» деп көлгірсейтіндерге не дерсің? Қазақтың қатын мен қызды құрметтеуге теңдесі жоқ ұлт екендігі әлемге аян. Өйткені, ол біздің ұлттың саны мыңдаған жылдардан бергі қанына біткен қасиеті. Ұлттық болмысымызға біткен құндылықтарды танып білуге өресі жетпеген, қатының тілімен ғана жүретін кейбір жетесіздердің арқасында кеиінгі ел-аналарының, аяулы аналардың бүгінгі ізбасарларын ата жолына, ұлттық салт-ләстүрімізге кереғар тірліктерге тықпалап, олардың қадыр-қасиетін төмендетуге бет алған сияқтымыз. Қараңыз, үлкен тойда 80-нің сеңгіріндегі қария батасын беріп, тойды ашып берді. Тойды ашуға бірге шыққан 60 алқымдаған ана «менде бата беремін» деп қиғылық салсын. Батаны берді де, ұзақ сонар сөйледі де. Бір рет бата берілді. Бұл – бір, екіншіден қазақта ер адамдар отырған жерде қатын бата бермеген. Қазір қатындардың кез-келген жағдайда еркекпен қосарланып бата беруі үрдіс болып барады. Қазір той салтанатын ашудың өзіде  еркектерден қатындардың қолына өтіп кетті деуге болады. Бірде тойда ашуға төрт қатын, бір еркек шығып еді, той қонақтарының бірінің «Мына елдің еркектері қырылып қалған ба?» дегенді естіп, кірерге тесік таба алмаған жайымыз бар. Қазір той ашуға қатын шықпаса, той ашылмай қалатындай үрдіс бел алды.
Бүгінде қазаға байланысты өткізілетін 40 күндік, жылдық Құдай астарда сөйлейтіндердің дені қатындар болып бара жатқанына таңданбайтын болдық. Баяғының қатындары жоқтау айтатын, қаралы үйге көңіл айтып жұбату жасайтын. Яғни өзінің «жіңішке» жолы мен жүріп өнеге көрсетсе  қазіргінің қатындары бірнеше жүздеген жұрттың алдында микрофонды ұзақ ұстап, өзінің «данышпандығын» көрсетіп қалуға тырыстан болды.
Қазақтың құдалығы таяу жылдарда толық қатындардың қолына өтетіндігіне шүбә келтіре алмайсын. Бір намыс қой жігіттің «Нағашы апан қызының құдалығына 13 әйел, 1 еркек барғанын айтып, күйдірді-ау» дегені бар еді. Шындығында да құдалардың қазір 70 пайыздан астамы қатындар болатындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Сонда бұл қазақ қайда барады? Жоқ, әлде қатындар бізден жаһанданудың жаңа бір ұлтын шығармақшы ма? Түсініксіз нарсе көбейіп барады. Ойымызды ортаға салып көрейікші, қадірменді оқырман!
                                                                                  Ә.Мұратбеков 

 

Фото интернеттен алынды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.