ҚАУІПСІЗ ӨНІМДІ ТАҢДАЙ БІЛІҢІЗ
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне, олардың Кеден одағы нарығында орналастырылуына қатысты талаптар негізінен Кеден одағының «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде қарастырылған. Ол Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы №880 шешімімен бекітілген.
Техникалық регламенттерді қабылдаудағы негізгі мақсаттар: адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, тұтынушыларды алданып қалуға, алып барып соғатын іс-қимылдардан құлаққағыс ету және қоршаған ортаны қорғау.
Бұл техникалық регламенттің техникалық реттеуге жататын нысандары мыналар: тағам өнімдері, тағам өнімдеріне қойылатын талаптардан туындайтын тағам өнімдерін өндіру процестері, оны сақтау, тасымалдау, өткізу, сату және пайдаға асыру процестері.
Кеден одағы аумағында тағам өнімдері осы техникалық регламенттің және нақты тағам өніміне қатысты басқа да техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана нарыққа шығарылады.
Осы техникалық регламенттің және нақты тағам өніміне қатысты басқа да техникалық регламенттердің талаптарына сай және сәйкестігі бағаланып (расталып) рәсімделген тағам өнімдері Кеден одағы мемлекеттері нарығында айналу құқығын беретін бірегей белгімен таңбаланады.
Сәйкестендіру, бірегейлендіру мынадай әдістермен жүргізіледі: Өнімнің атауы мен оның пайдалануын тұтынушы орамасында келтірілген таңбаланудағы ақпаратпен салыстыру арқылы анықтайды. Сондай-ақ анықтау тағам өнімімен бірге жіберілетін құжаттардағы осы техникалық регламентте және нақты тағам өніміне қатысты басқа да техникалық регламенттерде келтірілген белгілерін салыстыру арқылы жүргізіледі.
Кеден одағы аумағында айналымдағы тағам өнімдері оны өнім өндіруші белгілеген жарамдылық мерзіміне сай пайдаланған жағдайда қауіпсіз болады.
Қазіргі таңда дүкендерде, сауда орталықтарында «Қауіпсіз өнімді таңда!» тақырыбында акция өткізіліп жатыр. Тұтынушыларға айтарымыз, алынған өнімдеріңіздің таңбалануына мұқият қарауларыңызды сұранамыз. Өнімнің шығарылған уақытына, жарамдылық мерзіміне, ЕАС, мемлекеттік тілде болуына, сыртының бүтіндігіне, ГМО жоқ екенін білдіретін белгісіне мән беріңіздер. Қауіпсіз өнімді таңдай біліңіздер.
Н.Мамаш,
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы СЭББ
техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы.