Қазақ әжейдің қолынан сүйіп, құрмет көрсеткен Ердоғанның әйелі елді сүйсінтті
Жуырда Қазақстанға ресми сапармен ат басын тіреген Түркия президенті Ердоған өзінің жары Эминені де ерте келген. Ол Астананың көрікті жерлерін аралап, елорда тұрғындарын қарапайымдылығымен тәнті еткен болатын. Енді, міне, оның қазақ әжейінің қолын сүйіп тұрған суреті желіде тарап кетіп, елдің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды NUR.KZ.
Эмине Ердоғанның қазақ әжейіне сый-құрмет көрсетіп, оның қолынан сүйіп тұрған сурет Қазнет қолданушыларын сүйсінтті. Желі қолданушылары Түркияның тізгінін ұстап отырған азаматтың жан жарының аса қарапайымдылығы тәнті етті.
«Бойында тәкаппарлықтың табы да жоқ», «Үлкендерге де неткен құрмет», «Қандай жайдары адам», «Адам ретінде мені қызықтырып қойды», — деп шуласты желідегілер.
Фото инстаграмм парақшасынан алынған.
Нағыз момындар осындай болу керек! Машалла Алла берекесін берсін бұл игі әйелге!