Қазақ тілі – мазақ тілге айналды ма?
«Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі» дегенді көшеде кездескен кез келген адам айта аларына күмәніміз жоқ. Бірақ біздің қоғамда кез келген адам ана тілімізге деген махаббаты мен мәртебесі хақында айта ала ма? Мұның дәлелін көше, сауда орталықтарының атауларындағы қателіктерден-ақ байқауға болады. Бір қызығы – мұндай өрескелдіктер тек – қазақ тілінде. Орыс тілі мен ағылшын тіліндегі қателіктерді қолыңа шам іздеп қарасаң да таппайсың. Сол аяғыдай сорлап жатқан – қазақ тілі.
Қазақ тілі көрінгеннің мазағына айналып барады. Ана тілімізді қорлаудың шыңына шыққаны соншалық – еліміздің бас қаласы Астанадағы ірі сауда үйінің бірі «мусорный ящик» сөз тіркесін «боқтық салатын жәшік» деп аударып қойыпты. Не деген масқара? Бұл қай мазағы? Еліміздің бас қаласында «мусорный ящик» тіркесінің аудармасы «қоқыс жәшігі» екендігін білетін бір қазақтың табылмағандығы ма? Әлде көрсе де, білсе де езу тартып өте берді ме? Не деген намыссыздық? Боқтық пен қоқыстың айырмасын айыру осыншалық қиын болды ма? Осы күнге дейін қаншама қателіктерді айтып келдік, бірақ мынау сорақылықтың көкесін танытқандай болды. Қазақ тілін білетіндер бізді мазақ қылмай ма? Сіздер не дейсіздер намысты қазақ?