Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің студенттері оқудан қуылды

QAZYGURT.KZ: Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің бірқатар студенттері академиялық әділдік қағидаттарын бұзғаны үшін оқудан қуылды.

Студенттер тест сауалдарының дұрыс жауаптарын сатып алмақ болған. «Академиялық адалдық қағидаттары студенттердің ар-ұят кодексінде толық көрсетілген. Бұл — оқыту бағдарламалары, білім деңгейін бағалау жүйесі, емтихандарға қойылатын талаптар және мінез-құлық ережесі. Академиялық адалдық қосымшасында ереже бұзғандарға тағайындалатын жаза мен тәртіптік шаралар көрсетілген», — деді баспасөз қызметінен. Бұл құқықбұзушылықтар биылғы оқу жылының күзгі семестрінде, қысқы емтихан сессиясы кезінде  анықталған. «Стоматология және жалпы медицина факультетінің 9 студенті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасуша биологиясы, биофизика сабақтарынан тест жауаптарын сатып алу үшін ақша жинауға белсенді қатысқан», — деді ЖОО баспасөз қызметінен. Айта кету керек, ҚазҰМУ қауіпсіздік бөлімі аталмыш деректер бойынша егжей-тегжейлі тексеру жұмыстарын жүргізген.

 

АҚПАРАТ көзі: inform.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.