ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС БОЙЫНША РЕСМИ САЙТ АШЫЛДЫ

Қазақстанда коронавирус туралы жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру мақсатында Ресми сайт іске қосылды.  Сайттың іске қосылғаны туралы Facebook аккаунтында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

Министр әлеуметтік парақшасында  https://www.coronavirus2020.kz/ ресми сайтында төтенше жағдай бойынша карантин кезіндегі тәртіп ережелері, мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары мен желіде тараған жалған ақпаратты теріске шығару және басқа да өзекті ақпараттар жарияланатынын жазған.  

Сонымен қатар, сайтта аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасалатын әрекеттердің ережелері секілді пайдалы ақпараттардан құралған инфографикалар жинақталған.

Сондай-ақ, ақпараттық ведоствоның басшысы азаматтар үшін арнайы сұрақ-жауап айдары ашылатынын, соның арқасында азаматтар қызықтыратын барлық сұрақтарына жауап ала алатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының әкімдігі де облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті медициналық, алдын алу және ұйымдастыру шараларын жүргізуде.  Арнайы Ситуациялық орталық құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында https://turkestancovid19-agritech.hub.arcgis.com/ ақпараттық парақшасы ашылған.

Парақшада коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша пайдалы ақпараттар мен өңірде  инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан мәліметтермен таныс бола аласыздар.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.