Қазақстанның 9 облысында үсік жүреді
Еліміздің тоғыз облысында ауа температурасы нөлден төмендеп, жел күшейеді
Қазақстанның 9 облысында жексенбі күні —6 градус үсік жүреді, деп хабаралайды Қазгидрометке сілтеме жасаған Sputnik.
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болуы ықтимал.
Оңтүстік, солтүстік-батыс пен орталықта ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23 м/с, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл.
Жамбыл облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, кей жерлерде жедің екпіні 15-20, ұйытқуы 23 м/с.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде күн күркіреп, кей жерлерде желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с, шаңды дауыл соғады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20, Атырау облысында 25 м/с, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды, Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Алматы мен Жамбыл облыстарында түнде кей жерлерде 3 градус аяз.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде ауа температурасы 1-6 градус аяз.