«ҚАЗЫҒҰРТ КЛИНИКАСЫ» МЕДОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕКІНШІ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында “Қазығұрт клиникасы” медорталығының екінші филиалы ашылды. Жаңа емдеу орталығының ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, орталықтың мүмкіндігімен танысты. Шыңғыс Жұмабекұлы қалада жекеменшік емханалардың көптеп ашылуы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартатынын атап өтті.

— Осыдан екі жыл бұрын жекеменшік емханалар қала халқының 25-30 пайызына қызмет көрсетсе, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 50 пайызға жетті. Медицина саласында жекеменшік сектор қарқынды дамып келеді. Әрине, бұл орайда сапалы қызмет атқару керек. Жаңа медицина орталығының қызметіне сәттілік тілеймін, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Тәулігіне 80 адам қабылдай алатын медициналық мекеме заманауи құралдармен жабдықталған. Орталықта кардиолог, хирург — ортопед, уролог, гематолог, эндокринолог, гинеколог, офтальмолог мамандар қызмет атқарады.

Орталықта жалпы 95 адам жұмыс істейді.

Емдеу орталығы халық денсаулығының жақсаруы мен өмір жасының ұзаруын арттыруға өз үлесін қосатын болады.

«Шымкент келбеті» — Т.ҚАСЫМОВ

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.