ҚАЗЫҒҰРТТА ТҰҚЫМБАҚТАР АУМАҒЫ ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысында тұқымбақтар аумағы ұлғайып келеді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, облыста арнайы замануи тұқымбақ ашу тапсырылған болатын. Осы бағатта алдымен өңір басшысы Дархан Сатыбалды Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жасыл желек» мекемесіне барды. Қазығұрт ауыл округінде орналасқан тұқымбақтың жалпы жер көлемі 60 гектар аумақты алып жатыр.

45 түрлі көшеттер егіліп жатқан тұқымбақта қаламшадан, ұрықтан 600-700 мың көшет өндіріледі. Жылына 500-600 мың түп көшет елді мекендерге тегін үлестірілуде. Мұнда 70-ке жуық мамандар жұмыс істейді. Өңір басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, жасыл белдеуді ұлғайту мен көгалдандыру жұмыстарын жандандыру керектігін тапсырды. Сондай-ақ алдағы уақытта ауданның топырағына бейім әрі қолайлы көшеттердің түрлерімен толықтыруды тапсырды.

Одан соң облыс әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе ауыл округіндегі Қаражан елді мекенінде орналасқан «Жасыл ел» ЖШС мекемесіне арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жалпы 20 гектар аумақты алып жатқан жекеменшік тұқымбақта 35 түрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілуде. Тәлімбақта қаламшадан, ұрықтан 400-500 мың көшет өндірілуде. Көшеттерді арнайы мамандар күтіп-баптауда. Орман шаруашылығы өнімдерін өндіру бағытындағы тұқымбақта ауданды көгалдандыруға жылына 1000-2500 мың түп көшет босатылып беріледі. Мамандардың айтуынша, Қазығұртта егілген шырша секілді қылқанжапырақты, мәңгі жасыл ағаштар еліміздің кез-келген аумағының ауа-райына қолайлы болады. Сондай-ақ мұнда сексеуіл тұқымдас отырғызу қолға алынған.

Жауапты мекеме басшылары негізінен тұқымбақтағы көшеттер ауданның климатына бейімделген ағаштар өндіріліп жатқанын тілге тиек етіп, көшеттердің жерсінуі мен көнімділігі жақсы екенін атап өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.