КЕДЕН ОДАҒЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР
Қазіргі уақытта тағамның қауіпсіздік мәселелеріне байланысты, тағам өнімдерінің сапасына, ас жүйесіне, биологиялық қоспаларына мониторинг жүргізу арқылы сақтау мерзімі мен өнімді іске асыру жайына көп көңіл бөлінеді.
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық техникалық реттеу объектілерін, техникалық реттеу объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын, техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру ережелерін, техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау нысандары мен рәсімдерін белгілейді. Беларусь, Қазақстан және Ресей арасындағы техникалық реттеудің бірегей ережелері мен негіздері туралы келісімге сәйкес, 2010 жылдың 18 қарашасында «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті бекітіліп, 2013 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген.
Тамақ өнімдерін өндіру кезінде, сонымен қатар, оны сақтау, тасымалдау және сату кезінде, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі және сыртқы нарығында ХАССП жүйесіне негізделген қауіпсіздік талаптары сақталуы тиіс. Бұл техникалық регламент адам өмірі мен денсаулығын, дүние-мүлкін және қоршаған ортаны қорғау, тұтынушыларды жаңылыстыру іс-әрекеттерінің алдын алу мақсатында жасақталды. Кеден одағының өзге техникалық регламенттері белгілейтін тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне және оларға қойылатын талаптарға байланысты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптар осы техникалық регламенттің талаптарын өзгерте алмайды. Тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оны өндіру процесінде мынадай рәсімдер әзірленуі, енгізілуі және қолдау табуы тиіс:
1) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған тамақ өнімін өндірудің технологиялық процестерін таңдау;
2) өндірістік бақылау бағдарламаларындағы технологиялық операциялар мен тамақ өнімінің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы бақыланатын кезеңдерін оны өндіру кезеңдерінде айқындау;
3) азық-түлік шикізатына технологиялық құралдармен, орауыш материалдармен, тамақ өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын бұйымдармен, сондай-ақ тамақ өнімін бақылаудың қажетті шынайылығы мен толықтығын қамтамасыз ететін құралдармен бақылау жүргізу. Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімдер айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс. Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылған тамақ өнімі белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде мақсаты бойынша пайдалану кезінде қауіпсіз болуға тиіс. Айналымдағы тамақ өнімдерінде адам мен жануарлардың денсаулығы үшін қауіп төндіретін инфекциялық, паразитарлық ауруды қоздырғыштардың болуына рұқсат етілмейді. Тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын тамақ қоспаларына, хош иістендіргіштерге және технологиялық құралдарға қойылатын талаптар Кеден одағының техникалық регламентімен белгіленеді.
А.Жолшибеков,
Шымкент қаласы Қаратау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы.