Келер жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек форматы өзгереді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері осынау жаңалықты халыққа түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.
Жаңаша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы басты мақсат — халықты жалқаулықтан арылтып, жәрдемге мұқтажадарды кедейшілік құрсауынан шығару болып табылады. Бұл көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасылар мен азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартсыз ақшалай көмек еңбекке қабілетті мүшелері жоқ отбасыларға тиесілі болады. Ал шартты ақшалай көмек жұмысқа қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар аз қамтылған отбасыларға ұсынылады. Алайда бұл ретте олар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатыстырылады. Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара міндеттер алады. Әлеуметтік қызметтер – жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдерді төлеуге, ал отбасының еңбекке қабілетті мүшелері – отбасын аз қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуға міндеттенеді.
Ол сондай-ақ, көп құжаттамалардың электронды түрде жүргізілетінін жеткізіп, жергілікті билік өкілдеріне осы мәселені мықтап қолға алу қажеттігін атап өтті.