Келес ауданының әкімі №13 колледж студентерінің тыныс-тіршілігімен танысты

Түркістан облысы Келес аудан әкімі орта арнаулы оқу орынында білім алып жатқан жастармен кездесті.

Елбасымыз 2019 жыл жастар жылы деп аталғалы, Еліміздегі әрбір жасқа серпін бергені рас. Келес аудан әкімі Ақментай Үсенұлы аудан жастарына барынша қолдау танытып жатыр. 2018 жылы Ауданның жақында ашылғанына қарамастан арнайы Келес аудандық жастар ортылығына «Жастар сарайын» тарту етті.

Бүгін Абай ауылында орналасқан №13 колледждің жастарының тыныс-тіршілігімен танысу үшін ат басын бұрды. Ең бірінші 400 орындық жатақханамен танысып, ондағы студентерге жылы су, алғашқы көмек көрсететін орынмен бос уақыттарында жиналатын демалыс бөлмесін көріп танысты. Келесі кезекте спорт зал, асхана және мәдениет залымен таныс болды. Айта кетерлігі, оқу орнындағы студенттердің қолымен жасалған құрал, киім-кешек, техникалық зат және жастардың өзі жасап шыққан көлікті көріп аудан басшысы жоғары бағасын берді. Орта арнаулы оқу орнының жұмысымен танысып болған соң, белсенді жастармен ашық сұхбат алаңын құрды. Белсенді жастар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Ақментай Үсенұлы әрбір сұраққа тоқтала кете, нақты жауабын беріп, алдағы уақытта қоғамның белсенді жасы болуға шақырды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.