Келесі жылы мүгедек жандардың жәрдемақысы 16 пайызға өседі

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмек жаңа сипатта көрсетіледі.

Онда ең алдымен әлеуметтік жәрдемді алушылардың жауапкершілігін күшейтуді көзделген. Яғни еңбекке араласу мен өзін-өзі жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аударылады. Келесі жылдың басынан 460 мың мүгедек жанның жәрдемақысы 16 пайызға өседі. Зейнетақы жүйесі де жаңғырудан өтіп жатыр. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері 14 мың 466 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы 31 мың 245 теңгені құрады. Қазіргі уақытта 2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

24.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.