Келестің «чиновниктері» ел сеніміне іріткі салмақшы ма?

Адам айтса сенгісіз сорақылық «Шымкеттен» шығатынына сенбей көрші. Жуырда редакцияға шындық іздеп шырылдап бірнеше әйел келді. 42 әйелдің қолы қойылған арызын тапсырды. Ауылдарына шағым бойынша 31 және Отырар телеарнасы келіпті.

Келес ауданының Біртілек ауылдық округінің тұрғын әйелдері ауылдық округтің кеңсесінде және аудан әкімдігінде болғанда қояр талаптар екеу.

Біріншісі, 2019 жылы аз қамтамасыз етілген отбасы 21 мың теңгеден төленген жәрдемақысын жылдың соңғы 3 айында жүздеген отбасыларға төлемеген. Әйелдер мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақысын толық төлеуін талап етеді.

Екіншіден, биылғы жылы көп балалы отбасылардың балаларына төленетін атаулы көмектің құжатын қабылдайтын мамандармен бірге Біртілек ауылдық округінің әкімі Халықов Кеңестің ауылды аралап, әр үйдің ғимаратын өлшеп, оның көлеміне қарап кейбіреулеріне үйің үлкен, атаулы көмек алмайсың десе, ал есігінің алдына ескі, жүрмейтін машинасы барларға да атаулы көмек алмайсыңдар деп елді улаған-шулаған етіп, сауатсыздық көрсеткені үшін Біртілек ауылдық әкімі атқарып отырған лауазымды қызметінен босатуды талап етеді.

Арызданушылар жергілікті органның басшылары мемлекеттік қызметкердің Әдеп кодексін сақтамай, дөрекілікпен айтқан сөздерін дыбыс жазбасын қоса тапсырды.

Еліміздің Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың бастамашылдығымен халқымызға жасалынған әлеуметтік қолдау қасақана бұрмаланып, өздері араласып жатқан өзбек еліне Қазақстанды күлкіге қалдырды деп намыстанды қазақ әйелдері.

О.Тәжиев,

«Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.