Кішкентай баланы педофилден құтқарған әйелді марапаттады

QAZYGURT.KZ: Шымкентте кішкентай баланы педофилдің азғын әрекетінен құтқарып қалған әйелге алғыс хат табысталды. Есептік кездесу барысында қалалық полиция департаментінің басшысы Оралкүл Айтжанованы марапаттады.

Полиция қызметкері баланы құтқарып қалған келіншекке рахмет айтып, оған игі тілегін жолдады. Марапатқа ие болған Оралкүл Айтжанова бұл оқиғада кез келген қазақстандық азамат осы әрекетке баратынын айтты. Оған қоса, қала тұрғыны сол келеңсіз жағдай орын алған күнді еске алды. Айтуынша, ол серуенге шыққанда баланың айқайын естіп қалған. Оралкүл Айтжанова еш ойланбастан тұрғын үй подъезіндегі балақайға көмектесуге жүгірген. Ол алдымен есікті соға бастапты. Артынан ол ашылған соң, педофилді төмпештей берген.

Ер адам оқиға орынан қашып кеткен соң, келіншек болған жайтты баланың ата-анасына айтыпты. Содан кейін ол балаға зорлық әрекет жасамақ болған азаматтың артынан жүгіре жөнелген. Оралкүл оны құлатып үлгеріпті, бірақ ұстап қала алмаған.

Естеріңізде болса, елді шулатқан оқиға өткен жылдың жазында орын алған еді.

 

АҚПАРАТ көзі: nur.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.