КІТАПХАНАШЫЛАРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Конституциялық референдум өткізуге он күннен аз уақыт қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың міндеті. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына әсер ететін маңызды сәт. Бұл Шымқала кітапханашыларының пікірі.
Бүгін «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалалының белсенділері Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханаға барып, ұжыммен кездесті. Парасаттылықтың киелі ордасы, ұлттың рухани азық алатын орын саналатын кітапханада бұл жолы жалпыхалықтық референдум сөз болды.
Жиынға «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрлан Қабыштаев және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков қатысты.
Жиналғандар Референдум жайлы толғандырған пайымды пікір, орамды ойларын ортаға салды.
— «Иә, елімізде осындай үлкен саяси науқан басталып кетті. Араға 27 жыл салып конституциялық референдум өтпек. Қазір осы референдум өткізу туралы барлық өңірде қарқынды жұмыс жүруде. Біздің бүгінгі мақсатымыз да – референдумның мән мен маңызын түсіндіру, халықты кеңінен ақпараттандыру»,- деді Г. Жартыбекова.