ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Білім беру және Денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы көрсеткіштердің орындалуы және осы саладағы күрделі мәселелер талқыланды. Басқарма басшылары баяндама оқып, кеңес мүшелері тарапынан қызу талқыға түсті.
Кеңес отырысына партия филиалының атқарушы хатшы орынбасары Мұратәлі Қалмұратов және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбековтың және дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Е.Дарменовтің Жол картасының орындалуы туралы есептері тыңдалып, шаһардағы денсаулық сақтау саласындағы күрделі мәселелер талқыға түсті.
Кеңес төрағасы ретінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбековке бүгінгі таңда қоғамда айтылып және қызу талқыға түсіп жатқан өткір мәселелер жөнінде, солардың бірі дәрігерлердің мәртебесі туралы және басқарма тарапынан бұл жөнінде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын, қала өз алдына мегаполис болғалы шымқалада туберкулезге қарсы арнайы қалалық аурухананың жоқтығы да сөз болды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.