Қоғамдық тамақтану нысандарына рұқсат беру тәртiбi
Жеке және заңды тұлғалар «Рұқсатттар және хабарламалар туралы» ҚР заңында белгіленген тәртіппен эпидемиологиялық маңыздылығы бойынша объект қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін сақтау басқармасына хабардар етуге міндетті. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы №217 бұйрығының 2-қосымшасы: «Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру “электрондық үкімет” www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі: 1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
– осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
– осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер хаттамаларының электрондық көшірмесі.
Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
А.Асилбекова,
Қаратау ауданы
ТКҚСҚББ бас маманы.
«Қазақстан жолы» газеті №28 (754) 27.07.2019 жыл.