Қоқыстан құтылыңыз?!

Психологтардың айтуынша, біз үйдегі басы артық заттардан құтыла отырып, сөрелерді босатып қана қоймаймыз, сонымен бірге санамызды да ауыр ойлардан тазартып, ертеңге деген үмітімізді оята алады екенбіз. Сонымен қатар, ескісін тастамасаң, орнына жаңасы келмейді екен. Ал егер үйде басы артық зат болмаса ше?

 

  • Керек емес зат үйден қашанда табылады. Оны табу үшін үйді жинап жүріп, өзіңізге: «Егер мен қазір жаңа пәтерге көшіп жатқан болсам, осы затты өзіммен бірге алып кетер ме едім?» деген сұрақ қойыңыз. Егер қиялыңыздағы жаңа үйіңізден оған орын табылмаса, ойланбай қоқысқа тастаңыз.
  • Айына бір рет қолыңызға қапшық ұстап, тастауға болатын 23 затты жинап шығыңыз.
  • Егер кейбір затты пайдаланбасаңыз да, тастауға қимасаңыз, оларды бөлек сөреге жинаңыз. Ал мұндай заттар сөреге сыймауға айналғанда, бәрібір оларды сұрыптап, біразын тастауға тура келеді.
  • Маңызды қағида: егер бір затты бір жыл бойы мүлде пайдаланбасаңыз, оны бұдан артық үйде ұстаудың қажеті жоқ. егер ол әлі жаңа не жарамды болса, біреуге беріп жіберіңіз.
  • Есіңізде болсын: үйдегі әрбір зат сізге тек қуаныш пен жағымды әсер ғана сыйлауы керек. Ал жағымсыз ойлар мен естеліктерге жетелейтін заттарды бір сәтке де қалдырмай, көзін жойыңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.