КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Д.Бимаханбетов пен «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Нұржахан Абуова Яссы колледжінің студенттерімен арнайы кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптарын түсіндірді.

Кездесудің негізгі мақсаты — студенттер арасында құқықтық мәдениетті арттыру, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдаманың негізгі бағыттарын таныстыру.

Нұржахан Ермағанбетқызы студенттерді парасаттылық және адалдық қағидаттарын ұстануға және жас ұрпақты кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау жөніндегі жұмысқа белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.

Кездесу соңында белсенді жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдыңғы қатарда болатындарын айтып, еліміздің өркендеуі жолында бірлесе жұмыс бірлесіп жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.