КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Жастарды қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері партияның сайлауалды бағдарламаларын іске асыру бойынша және «Жастар-Отанға!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасының Жол картасы аясында көпқабатты тұрғын үй🏬 кешенінің құрылысына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында бірқатар кемшіліктер ⛔анықталып, көрсетілген олқылықтарды жою бойынша тиісті мекемелерге ұсынымдар жіберілді.
Айта кетейік, аталмыш пәтерлер Жас отбасыларды қолдау бойынша берілетін болады.
Мониторинг жұмыстарына қалалық «Жастарды қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Алимбек Аслан, қалалық «Nur Otan» партиясының маслихат депутаттары, фракция мүшелері Мұрат Жолдыхожаев, Балтабаев Талғат және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Айтбаев Ерлан, «Jas Otan» ЖҚ ШҚФ төрағасы Исахов Мағжан және БАҚ өкілдері қатысты.
Қазіргі таңда, жыл соңына дейін баспана беру жоспарда болса, оның ішінде бүгінгі күнге дейін баспанасы жастарға үлестірілді.
🔴Оның ішінде:
▪Асар-2 шағын ауданынан — 42 баспана
▪Тұран шағын ауданынан — 145 баспана
▪️Жаңа тұрлан шағын ауданынан — 113 баспана берілген болатын.