ҚОР ТОБЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҮЛЕСІ АРТТЫ

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен қоржындық компаниялар тобының Қазақстан Республикасының экономикасындағы үлесі артып, 2017 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артып, 4 трлн. теңгеден астам соманы құрады.

Мәселен, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының» үлесі 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,17%-дан 4,69%-ға ұлғайды, «ҚТЖ»ҰК» АҚ үлесі 0,97% -дан 1,11%-ға дейін жетті.

Сонымен қатар, 2017 жылмен салыстырғанда  Қор кірісі (ROE) 6,5%-дан 8,0%-ға дейін артып, Темасек Холдинг (Сингапур), Future Fund (Австралия) сынды халықаралық ұлттық әл-ауқат қорларының өсу қарқынына жетті.

Айта кеткен жөн, 2018 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын және Қорды трансформациялау бағдарламасын бекітті және оның әрі қарай жүзеге асырылуын ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Негізгі қызметтен түскен табыс көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 35% артып, 8,5 трлн теңгеден асып жығылды. Таза кіріс 83%-ға ұлғайып,  бұл 1,1 трлн. теңгеден астам соманы құрады. Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген салықтың көлемі 38,8%-ға артты (1 трлн теңгеден астам).

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.