Көшеге қоқыс тастаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды
Шымкенттік полиция қызметкерлері көше бойына қоқыс тастаған жайттарды анықтау мақсатында күнделікті профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Қаратау аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері «Пахтакор» шағынауданындағы көше бойына қоқыс тастап, қалалар мен елдімекендерді абаттандыру қағидаларын бұзған жайтты анықтады. Аталған жайт бойынша, жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына тазалықта сақтауға шақырады, сондай-ақ абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Қаламыздың тазалығы – әрқайсымыздың қолымызда.