Косметикасыз сұлулық
* Бет терісінің саулығы үшін түймедақ гүлінен шай әзірлеңіз. Ол үшін 1 ас қасық түймедақ гүлін (дәріханада сатылады) термосқа салып, 1 стақан қайнаған ыстық су құйып, қақпағын жабыңыз. 30 минуттан кейін алып, сүзіп, 1 шай қасық бал қосыңыз. Дайын шайды күнделікті таңертең ашқарынға 1-2 ұрттап, емшараны 2 апта үзбей жалғастырыңыз. Түймедақ шайы жүзіңізге ерекше әр береді.
* Кірпіктеріңізді ұзартып, қалыңдата түскіңіз келсе, үйде дайындалатын майға мән беріңіз. Таза құтыға майсана, бадам, күнжіт, ошаған майларын бірдей мөлшерде құйып, оған Е дәруменін (сақтау мерзімін ұзарту үшін) қосыңыз. Дайын масканы күнделікті жатар алдында құрғақ, таза кірпікке жағу керек. Бірер аптадан кейін-ақ нәтижесін байқайсыз.
* Қол терісі жұмсақ болсын десеңіз, қолға жағатын крем мен сіркесудан бірдей мөлшерде алып араластырып, кешке жатар алдында қолыңызға жағыңыз. Бірер аптадан кейін нәтижесін көресіз.
* Қара дақтардан арылу үшін бетіңізді күнделікті 3 рет лимон кесіндісімен сүртіңіз. Бетіңіздегі лимон шырынын өзі кепкен соң жылы сумен жуыңыз.
* Жібектей жұмсақ, әлі жылтыр шаш арманыңыз ба? Ендеше, 1 банан мен 1 ас қасық зәйтүн майын блендермен езіп алыңыз. Оған 2 шай қасық бал мен 1 ас қасық айран қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, дымқыл шашқа жағып, басыңызға полиэтилен қапшық киіңіз. 30 минуттан кейін шашыңызды жуыңыз.
* Тері түлегенде 100 г алоэ шырыны мен 3 шай қасық қайнаған су, 3 ас қасық спиртті араластырып, осы лосьонмен бет терісін күнделікті сүртіп тұру керек. 10 минуттан кейін бетіңізді жуып, крем жағыңыз.