ҚОСТАНАЙДАН МАҚТААРАЛҒА 20 ТОННА ҰН КЕЛДІ
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы топан суға байланысты Қостанай облысының тұрғындары да елмен игі істі жалғастырды.
«Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы жергілікті «Salamat» және «Атамекен-Дос» ЖШС қолдауымен топан судан зардап шеккен азаматтарға 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Партия белсенділері мен волонтерлері бірлесе жинаған көмек тиелген жүк көлігі үш күн жол жүріп, Атакенттегі орталық қоймаға жетті.
Гуманитарлық көмек тиелген жүк көлігін «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев шығарып салған болатын. Солтүстіктегі ағайынның ыстық ықыласы мен сәлемдемесін әкелген азаматтар қостанайлықтардың мақтааралдықтармен бірге екенін жеткізді.