ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ұжымы Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды.
— «Әзірет Сұлтан» қорық — музейі ұжымы су тасқыны салдарынан қиын жағдайға душар болған мақтааралдық тұрғындарға қол ұшын созу мақсатында бір күндік жалақыларын аударуға бірауыздан шешім қабылдады. Төтенше жағдайда жапа шеккен тұрғындарға сабыр тілейміз»,- деді қорық-музей директоры Нұрболат Ахметжанов.