“ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы жергілікті атқарушы органдардың жауапты өкілдері мен білікті заңгерлермен бірге қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған тұрғындар түрлі тақырыптағы өзекті мәселелерді көтерді. Инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй, жұмыспен қамту, ойын алаңшасын ашу, ерекше қажеттігі бар адамдарды қолдауға қатысты проблемалады ортаға салып, шешілу жолдарын сұрады.

Әрбір азаматтың мәселесі жіті қаралып, білікті заңгерлер мен басқармалар тарапынан нақты жауаптар берілді. Азаматтардың басым көпшілігінің мәселесі дер кезінде шешіліп, өз кезеңінде реттелетін мәселелер бойынша азаматтардың арыз-шағымы бақылауға алынды.

Сондай-ақ апта сайын өтетін “Құқықтық көмек” жобасының қоғамдық қабылдауында халыққа заң аясында бағыт-бағдар беріп, көмектесіп отырған Тлеуов Ерлан Алибекұлына партия тарапынан Алғыс хат табысталды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.