Күннің заңды иесі бар
Испаниядағы провинциалдық Сальватерра-до-Мино қаласының тұрғыны Анхелес Дюран өзін Күннің заңды иесімін деп жариялады. Ол 2011 жылы нотариалдық кеңседе Күн ғаламшарын өз атына рәсімдеп алған.
Бұл ой Анхелес Дюранға өзін Айдың меншік иесі ретінде тіркеген американдық туралы оқып-білгеннен кейін келген. Ол заң нормаларын зерделей келе, мемлекеттердің ғаламшарлар мен жұлдыздарға иелік ете алмайтынын, алайда жекелеген азаматтарға мұндай тыйым жоқ екенін анықтаған. Сөйтіп, уақытын зая өткізбеген Анхелес Дюран алып отты шарды өз атына рәсімдеп алған. Енді ол Күннің сәулесін пайдаланғандардың әрқайсысынан ақы талап етуге ниетті.