ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
2019 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты — халыққа білікті, тегін заң көмегін көрсету.
Құрметті тұрғындар, Сіздерге кәсіби адвокаттар мен нотариустар, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметшілері оның ішінде, білім, денсаулық, еңбек, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, жер салалары бойынша білікті де тәжірибелі мамандар құқықтық кеңестер беретін болады.
Өткізілу күні: 22 қараша 2019 жылы, басталу уақыты: сағат 17:00.
Өткізілетін орны: Түркістан қаласы, «Батыс-Европа- Батыс-Қытай» тас жолы, 88 квартал, «MEGA CITY» сауда орталығының 1-ші қабаты.
Анықтама үшін телефондары:+ 7708-6608277 немесе +778-9496626
Құрметті облыс тұрғындары, Сіздерді жалпыреспубликалық акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.