Құрылыс қалдығын көше бойына қалдырған нысан иесіне хаттама толтырылды
Қаратау АПБ ЖПҚБ қызметкерлері күнделікті қаланың тазалығы мен көркін сақтау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары аудан аумағында абаттандыру қағидалары мен инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру, күл қоқыс тастау жайттарын анықтау бағытында рейдтік іс-шараларды қолға алған.
Іс-шара барысында «Сайрам» шағынауданы Орталық көшесінің бойына құрылыс қалдығын қалдырған нысан иесі жауапкершілікке тартылды. Меншік иесіне белгіленбеген орындарда құрылыс қалдықтарын тастамау қажеттігі түсіндіріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта осы бағыттағы жұмыстар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан қатаң бақылауға алынып, тиісті деңгейде атқарылуда.