ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері бүгін мегаполистегі аяқталған және салынып жатқан білім беру мекемелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Анығырақ айтсақ, партияластар М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы және Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимараттарының құрылыс жұмыстарын тексерді. Білім ордаларына қалалық маслихат депутаттары Төрайым Сұлтанова, Бөкейхан Әбішев, қалалық партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Қуанышбек Бауыржан Шереханұлы, қалалық филиал атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан Айтбаев, Әл Фараби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Арай Есенбек, саяси бөлім басшысы Ербол Байқонысов, комиссия мүшелері, білім беру басқармасының басшысы Жанат Тажиева және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Нысан сапасын партияластар бұған дейін де бірнеше рет келіп тексерген. Бекітілген өндірістік жұмыс кестесінен кешіккені үшін айыппұлдар салынып, жауапты тұлғаларға кеткен кемшіліктерді реттеуді тапсырған болатын. Қазіргі кезде барлық олқылықтар жойылып, құрылыс қарқынмен жүргізілуде.

Оқушыларға үш тілде білім беретін №8 мектеп-гимназиясы Шымкент қаласындағы ең көне мектеп. Ал жаңа ғимарат 1 100 оқушыға лайықталған. Жобада қаралған 250 орындық АКТ залы, спортзал, 20-30 мың кітап қоры бар кітапхана мен 320 орындық асхананы да зерделеуші құрам бақылап қайтты. Нысан құрылысы биыл пайдалануға берілмек.

Ал №38 гимназияның қосымша ғимараты салынып біткен. Екі жылда 375 орындық нысан бой көтеріп, екі ауысымда балалар білім алуға көшкен.

Айта кетейік, Шымкентте 2023-2027 жылдар аралығында 50 мектептің құрылысы жүргізіледі. Оның 25-і «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынбақ. Мектептер пайдалануға берілгенге дейін оған қатынайтын автомобиль жолдары, қоғамдық көлік бағыттары мен орамішілік жарықтандыру мәселелері де толығымен шешілмек. Мұның барлығы партия бақылауында болады. Сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандарына партиялық бекеттері қойылып, сол құрылыстың уақытылы әрі сапалы орындалуы жолында партиялық бақылау комиссиясы мониторинг жүргізіп отырады.
Нәтижесінде оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды мектептер түбегейлі жойылып, ескірген мектептердің саны азаюда.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.