ҚҰРЫШ БІЛЕКТІ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР СӘУЛЕТІ ЖАРАСҚАН ДӘУЛЕТТІ ДҮНИЕЛЕР СОЛАРДЫҢ ҚОЛЫМЕН САЛЫНАДЫ

Иә  айтары жоқ, айналадағы көз сүйсінетін көрікті ғимараттар мен сәулеті жарасқан әсем де әйдік нысандар кім-кімнің де көңіл-көкжиегін кемелдендірмей тұрмайды. Сұлулық пен әсемдікке, тазалық пен тәртіпке жаны құмар адам баласы көздің жауын алатын сол дүниелерді көргенде ерекше әсер алатыны анық.

Рас, құрылыс пен сәулет өнері – адамзатпен бірге жасасып келе жатқан ежелгі кәсіптердің бірі. Бүгінгі заманымыздың маңызды саласының бірі саналатын құрылыс жұмыстары ешқашан өз қарқынын тоқтатқан емес. Әсіресе, ел егемендігін алып, экономикалық тұрғыдан еңсеміз тіктелген соңғы жиырма жылдан бері бұл сала ерекше қарқын алды десек, асыра айтқандық емес. Қоғам өзгеріп, дамыған сайын құрылысшы атты құрметті мамандыққа деген қажеттілік пен сұраныс та артып келеді. Соған сәйкес құрылыс индустриясы да дамып, жетіле түсуде. Осы орайда құрылыс саласында еңбек етіп жүрген сәулетші, жобалаушы, инженер, тас қалаушы, сылақшы сияқты тағы басқа көптеген кәсіп иелерінің әрқайсысы экономикамыздың дамуына, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына зор үлес қосып отырғанын айрықша атап өткен жөн. Тек ірі қалаларды айтпағанда, бүгінде шалғайдағы ауылдық округ, елді-мекендерде сәнді әрі сәулетті ғимараттар, қолайлы жолдар, жаңадан бой көтерген шағынаудандар, жасыл желекті саябақтар салынып жатыр. Соның бәрі құрыш білекті құрылысшылар мен соларға жағдай жасап, лайықты айлық-жалақымен қамтамасыз етіп отырған серіктестіктердің ерен еңбегінің арқасында екенін де ерекше айта кетейік. Бұл саланың қарқынды жүргізілуіне өзіндік үлес қосып, көп жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі серіктестіктер де аз емес елімізде. Бүгінде олар салған ірі құрылыс нысандары көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, сол құрылысты жүргізген компаниялардың атын қалың ел жатқа айтатындай да дәрежеге жетті. Бұл дегеніміз, осы сала арқылы белгілі бір жетістікке жетіп, өздерінің құрылыс саласында өзіндік орны бар екенін білдіреді емес пе?!

«БЕСҚҰДЫҚТАУ» БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС КӨП

Бүгінгі таңда заманауи технологиялар дамып, қоршаған орта ерекше қарқынмен дамып келеді. Дамудың даңғыл жолына түскен осындай іргелі компаниялармен бірге әлем де үлкен жылдамдықпен өзгеруде. Заманауи технологиялар мен химиялық қоспалар негізіндегі әрлеу және құрылыс материалдарының алуан түрлері пайда болып, жаңартылып, жетілдіріліп, өзгеріп жатыр. Адамдар сол материалдардың игілігін көріп, өздеріне жайлы да ұнамды үйлер салып, оның көрікті де ыңғайлы және қауіпсіз, экономикалық тұрғыда тиімді, ұстыны берік және ең бастысы, экологиялық жағынан қауіпсіз етуді армандайды және соған ұмтылады.

Ежелгі Грекия дәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін заманауи стильдермен бірге ампир, барокко немесе басқа да сәулет ағымдарының сән-салтанатын бере отырып, ғасырларға кететін ғимараттарды салу тәсілдерінің бірі –ғимараттарды салу және жақсарту кезінде төлтума табиғи тасты пайдалану болып табылады.

«BESKUDUKTAS naturalstonecompany» ЖШС өндіретін және өңдейтін табиғи тастан жасалған құрылыс материалдарын пайдалану барлық оң талаптарды ескеруге және құрылыс материалдарына қойылатын стандарттарға сәйкес болуға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорынның бағындырған белестері көп. Оның әр күні өндірген өнімдері бүгінде еліміздегі құрылыс насындарына көптеп пайдаланылуда. Соған қарап-ақ бұл компанияның елдің өсіп-өркендеуіне, сәулеттене түсуіне қаншалықты үлес қосып жатқанын бағамдай беруге болады.

КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ

«BESKUDUKTAS naturalstonecompany» ЖШС – төлтума табиғи тастан жасалған бұйымдарды шығаратын заманауи тас өңдеу кәсіпорны. Кәсіпорынның заманауи технологиялық жабдығы, қосалқы инфрақұрылымы бар базасы, сондай-ақ өзінің шикізат базасы, табиғи тасты өндіру бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттары бар.

Бүгінгі таңда «BESKUDUKTAS naturalstonecompany» – Қазақстандағы табиғи тастан жасалған қаптау және құрылыс материалдарын шығаратын ең ірі зауыттардың бірі. «BESKUDUKTAS» ірі кен орны Қазақстан Республикасы, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан, бұл – компанияның маңызды активі. Бұл кен орнында «Маржан» табиғи тасын өндіру жұмыстары жүргізілуде.

«BESKUDUKTAS naturalstonecompany» компаниясының басты бағдары өндірілетін шикізатты толық терең өңдеуге қол жеткізу болып табылады, бұл ретте әрбір кезеңде – өндіруден бастап өнім шығаруға дейін шығарылатын өнімді өндіру процесінің сапасына бақылау жүргізіледі.

Компанияның өндірістік қуаты айына 70000 шаршы метрге дейін қаптау плиталарын шығаруға мүмкіндік береді.

Табиғи қаптау тасы ғимараттың қасбетіне қайталанбас түстер үйлесімін, биік талғам мен беріктік береді. Бұл материалдың танымалдығының себебі сәндік әсерінде ғана емес, сонымен қатар оның табиғи қасиеттерінде де жатыр. «Маржан» табиғи тастарын таңдаудағы маңызды көрсеткіштердің бірі оның төмен жылу өткізгіштігі болып табылады (0,31 Вт/м.К-ден аспайды), бұл ауа температурасы жазда +450С- тан қыста -400С-қа дейін өзгеретін континенттік және күрт континенттік климатта өте маңызды.

«БесқұдықТас» карьерінің ор­на­ласқан жері – радиоактивтілігі мүл­де жоқ аймақ. Сондықтан, карьерде өндірілген тас экологиялық таза табиғи материал болып табылады, бұл оны тұрғын үй-жайлардың сыртқы және ішкі безендірілуіне пайдалануға мүмкіндік береді. Оған қоса бұл тас оңай өңделеді және әртүрлі ауа-райы жағдайлары мен ультракүлгін сәулелердің әсерінен жақсы сақталады, температура ауысқан кезде пішіні өзгермейді.

Тасты кесу кезінде пайда болған ұсақ түйіршіктер қатты сығымдалған құрылыс кірпішін жасауға және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруге қолданылады. Осылайша біздің өндірісіміз қалдықсыз және экологиялық таза болып табылады. Қатты сығымдалған кірпіш шығару желісінің өндірістік қуаты жылына 18 000 000 дананы құрайды.

Әрине, бұл көрсеткіш ауызбен айтуға ғана оңай. Жылдық қуаттылығы 18 000 000 дананы құрайтын өндіріс орны бүгінгі күнге дейін қаншама жерді безендіріп, қаншама жердің көркін ашуға үлес қосқаны айтпаса да түсінікті. Еліміздің көркейіп-көріктеніуне көптен бері үлес қосып, тер төгіп жүрген кәсіпорын басшылары мен қызметкерлерінің еңбегі де елеусіз қалған емес, бұған дейін көптеген марапаттарға ұсынылған болса, оның игілігін көріп жүрген қалың елдің де бұл ұжым қызметкерлеріне алғысы шексіз. Әрине, халықтың алғысынан асқан, олардың берген бағасынан жоғары не бар дейсіз, Тәуелсіз еліміздің нұрлы да жарқын болашағына осылай өз үлестерін қосып жүрген «бесқұдықтастықтардың» бұл әрекеті алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Ендеше, ел игілігі үшін жасап жатқан еңбектеріңіз жемісті болып, сіздер жасаған жұмыстар келер ұрпақтың да қолданар бұйымына айналып, беріктігімен, тұғырлылығымен тәнті ете берсін деген тілек айтамыз.

BESKUDUKTAS” кәсіпорнының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қапал батыр 95, “Оңтүстік индустриалды аймағы”, Иляева 47. Байланыс телефондары: +7-707-33-020-33, +7-707-280-39-91.

Ерлан ТӘЖИЕВ,

«Қазақстан жолы» газеті бас редакторының орынбасары.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.