ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ АСА МАҢЫЗДЫ
Қазақстан Республикасында Пробация қызметі дамушы институт болып табылады. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Пробация қызметі бөлімінде шамамен 500-ге жуық қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған азаматтар есепте тұрады. Есепте тұрған сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және жаңа қылмыстарға жол бермеу мақсатында 15.03.2021 жылдан 24.03.2021 жыл аралығында «Пробация» атты республикалық-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараны өткізу шеңберінде Шымкент қаласы Еңбекші аудандық ПҚ бөлімінің жеке құрамы Шымкент қаласы Еңбекші АПБ-мен бірлесіп, Еңбекші ауданының барлық аумағында тұратын қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталған азаматтардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексеріс жүргізеді. Тексеру барысында сотталғандармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары қайта түсіндіріледі. Жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу фактілері анықталған жағдайда сотталғандар тиісінше жауапкершілікке тартылатын болады. Құқық бұзушылықтар қаскөйлікпен, яғни бірнеше рет қайталанып жасалса ПҚ сотталғанға қатысты бұрын тағайындалған жазаны ҚР ҚК-нің 44-бабы 3-бөлігіне сай бас бостандығынан айыру туралы мәселесін шешу үшін сотқа материалдарды жолдайды.
Алдын алу іс-шарасы кезінде сотталғандарды түзеуге бағытталған жұмыс тек есепте тұрған сотталған азаматтардың мінез-құлқын бақылауды күшейтіп қана қоймай, сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша шараларды да қамтиды.
Д.Агабекова,
Шымкент қалалық №1 Пробация қызметі инспекторы,
әділет лейтенанты.