Қырғыз президентінің Жаңа жылдық құттықтауы ерекше шықты
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков таққа отырғалы бері тұңғыш рет халыққа жолдау жасап, Жаңа жылдық құттықтау арнады. Бір қызығы, Жээнбековтің құттықтауы бұрынғы президенттерден әлдеқайда бөлек шыққан. Бұл туралы zanoza.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Жээнбеков былтыр өткен елдегі президент сайлауы мен өзге де маңызды оқиғаларды айтқан жоқ. «Біз таза әрі әділетті қоғам орнатуға кірістік. Барлық мемлекет саясатының бастауында адам мен отбасы құндылықтары тұрады. Ең бастысы — біз халықты жемқорлардан тазартамыз. Халықтың бірлігі мен амандығын қамтамасыз етеміз», — деген Қырғызстан президенті көрші елдермен достықты жаңа дәрежеге көтеретінін жеткізді.