Қытайдағы су тасқынынан 10 адам ажал құшты

Қытайдың оңтүстігіндегі Юньнань провинциясында су тасқыны болып, нәтижесінде 10 адам қаза тапқан. Қазір провинцияда нөсер толастамай тұр. Соның салдарынан 1200 тұрғын үй-жайын тастап, уақытша орталықтарға көшірілген.

Айта кетелік, өңірдің  кейбір аудандарында лай көшкіні де жүрді. Табиғи апат 200 ғимаратты күл-талқан етіп, тағы 2 жарым мыңға жуық нысанға зақым келтірді. Ал ақ жауыннан келген материалдық шығын шамамен 40 миллион АҚШ долларына тең

 

Дерексөз: 24.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.