Қызылорда облысында 15 жасар оқушы шенеунік атанды
QAZYGURT.KZ: Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департамент басшысының кеңесшісі атанған 15 жастағы оқушыға қатысты түсініктеме берді.
Жемқорлықпен күрес қызметі «бұл хайп, арзан пиар» болып табылмайтындығын түсіндірді.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Абзал Мұхимовтың айтуынша, балалардың өздерінің тіліндегі, өздерінің деңгейіндегі мәселелерді шешу үшін осындай қадамға барған.
«Жалпы бұл бастама оқушылармен кездесу барысында келді. Дамир Бозаевты өзіме кеңесші ретінде тағайындау туралы шешім қабылдадым» , — деді ол.
Ведомствоның айтуынша, Дамирдың лауазымы мемлекеттік қызмет реестірінде жоқ. Оған айлық та төленбейді.
Дамир Бозаев алдағы уақытта жоспар құрып, облыс бойынша бүкіл мектепті аралалайтынын айтты.
Ол мектептегі жемқорлықпен күресетінін жеткізді.
«Нашар оқитын балалар ҰБТ-ға барған кезде олар өте жоғары балл алып кетеді. Бұл жерде, яғни, сыбайлас жемқорлық. Ата-анасы сатып алып берді, болмаса туысқындары арқылы осындай көптеген балл алып кетеді», — деді ол.
Мектеп оқушысының сөзінше, ол 4-ші сыныпта мектептегі еріктілердің «Адал ұрпақ» ұйымына мүшелікке өткен.
АҚПАРАТ көзі: kaz.nur.kz