Л.ДҮЙСЕНБЕКОВА, қоғам белсендісі: «Екеуiнiң де керегi жоқ бiзге, жабайық»
Халық қажыды. Түкке тұрғысыз ток-шоу, әнші-әртістердің ырду-дырдуынан құлақ тұнады қазір. Мәдениет, білім шетте қалды. Той-бизнес қанымыздың түйіршіктеріне дейін араласып кетті. Одан қалса телевизор бар, күні-түні концерт қойып жатқан. Саналарын әбден әртістер жаулап алған. «Білім» деген канал бар еді бір жылдары Қазақстан мемлекетінде, кейін «Мәдениетпен» қосылды, одан мүлдем жабылды-ау деймін. Бізге білім не керек?
Бірте-бірте: «Білім және ғылым министрлігінің керегі жоқ, мәдениетке қосайық» -деп, кейін: «Екеуінің де керегі жоқ бізге, жабайық», — деген ұсыныстар айтылса, таң қалатын адам да табылмайтын шығар.
365info.kz