Ләззат Сүлеймен, Сенат депутаты: … алыпсатарлар арзанға алып, кейін қымбатқа сатады

Мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар осал санаттағы азаматтар үшін қолжетімсіз. Мысалы, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдардың ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ. Тиісінше зейнетақы қорына жарна аударылмайды. Еңбек табысын растаудың болмауына байланысты аталған санаттағы азаматтарға жеңілдетілген ипотекалық кредит бұйырмайды. Ал «Баспана Хит» бағдарламасы, тіпті, айлық табысы 170-180 мың теңгеден төмен азаматтарға да қолжетімсіз.

«7-20-25» бағдарлама-сының да кем тұстарына тоқталайын.  Аталған бағдарлама бастапқы тұрғын үй нарығына ғана бағытталған. Ал қолданысқа берілгенде жаңа тұрғын үйден пәтер табу қиын. Себебі алыпсатарлар ғимарат құрылысы жүріп жатқанда арзанға алып, кейін қымбатқа сатады. Осыған байланысты мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың аясын кеңейтуді ұсынамыз.

zhasalash.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.