М.АҚДӘУЛЕТ, ақын:  Ел есiн жиса, бәрi қалпына келедi

Қоғам, кезінде есті кісілер қайта-қайта айтып-жазып  жатқанына қарамастан елдің, діннің бәрін бетімен жіберді. Алғашқы капитал қалыптасуы үшін күллі ұрлық пен заңсыздыққа едәуір уақыт көз жұмып отыру, бәлкім, дұрыс-ақ шығар, бірақ идеологияны бетімен жіберген билік кезінде бәріне рұқсат етті. Енді, міне, менің сүйікті мақалымның кебі келді – «құлды қойсаң еркіне, күнде тышар бөркіңе».

Қазақ ұлттық құнарына, өз суатына қайтып оралса, көбейеді. Ер табыс табады, қатын бала табады, әйел айғырсуын, еркек әйелшілігін қояды – сонда байы жоқ, бірақ баласы бар әйелдер азаяды (бұған жесірлерді қоспаңыз!), әйел о бастағы міндетіне кіріседі. Еркек жылы қараса жалқы, күле қараса, егіз табады. Бірақ, бір ағам айтпақшы, «ондай әйел қай-да-а бізге!».

Ел есін жиса, бәрі қалпына келеді. Түпкі проблема – осы.

Бұған ел болып күресу керек. Есті, сауатты, ұстамды түрде. Алла қазақты сақтайтын шығар бұл дерттен.

Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.