М.БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты: … бұл салаға мықты мамандар келмейдi
Соңғы үш жылда реформаның жетегінде кетіп бара жатқандаймыз.
Негізгі пәндер мемлекеттік тілде оқытылғаны жөн. Біз мұғалімдерді дайындап алмай тұрып, реформа жасауға жол беріп жатырмыз. Бұл – бірінші мәселе. Екінші мәселе – оқулықтардың тым жиі басылуы, ондағы көптеген кемшілік. Мемлекетіміз мектеп салудан кеңес үкіметі елдерінің ішінде ең мықтысы. Бірақ мұғалімдердің біліктілігі соған сай ма? Олардың жалақысы қалай? Олардың айлығына келген кезде көптеген дамыған, тіпті дамушы елдерден көш төмен қалып қойдық. Мұғалімдердің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын дұрыстамайынша, бұл салаға мықты мамандар келмейді.
jasqazaq.kz