М.БАҚТИЯРҰЛЫ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ: …ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ТӘУЕЛДІ БОЛЫП ҚАЛМАЙМЫЗ БА?

Қытай мұнай-химия саласындағы компаниялары халықтың денсаулығынан гөрі, экономикалық пайдасын жоғары қояды. Олар көптеген химиялық өндіріс орнын Бейжіңге жақын провинциялардан  Шыңжаң сияқты шеткері аймақтарға көшіріп жатыр.

Қаржылық және технологиялық жағынан индустриялық дамыған мемле­кеттерге тәуелді болып қалмаймыз ба? Қытай инвесторларына берілген жеңілдіктер халықтың жұмыспен көбірек қамтылуына, орта бизнестің дамуына, Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстардың кеңінен жүргізілуіне, жергілікті жерден білікті мамандарды даярлауға, келешек салынатын мұнай-химия зауыттарын ең соңғы үлгідегі барлық талаптарға сай келетін технологиямен жабдықтауға, шығарылған өнімдерді экспорттауға толық жауап бере ме деген сияқты маңызды мәселелерге назар аударып, БАҚ арқылы халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек деп ойлаймын.

Африка мемлекетінің бір басшысының: «Еуропалықтар бізге келген кезде, олардың қолында Библия, ал біздің қолымызда алтын болды. Арада ұзақ жылдардан кейін, біздің барлық алтынымыз олардың қолында кетті. Ал біздің қолымызда Библия ғана қалды»,- дегенін біз үнемі есте ұстауымыз керек.

sputniknews.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.